«Ясин сүресін оқыңдар. Бұл сүреде он берекет бар.
Аш адам оқыса – тояды.
Киімі жоқ адам оқыса – киім табады.
Бойдақ оқыса – үйленеді.
Қорқуда болған адам оқыса – сақ болады.
Мұңды адам оқыса – көңіл-күйі көтеріледі.
Жолаушы оқыса – сапарда жәрдем табады.
Жоғалған нәрсе табылады.
Науқас адам оқыса – шипа табады.
Өлгеннің жанында оқылса – азабы жеңілдейді.
Шөлдеген адам оқыса – суға қол жеткізеді.»
«Кімде-кім ата-анасының немесе екеуінен бірінің қабірін әр жұма сайын зиярат етіп, сол жерде Ясин оқып тұрса, Аллаһу та'ала оны Ясин сүресіндегі әріптердің мөлшеріндей кешіреді.»
«Құран кәрімнің жүрегі – Ясин.
Сөзсіз бұл сүре дерттерге шипа. Кімде-кім Аллаһты және ахиреттіктерді ойлап Ясин оқыса, Аллаһ оны міндетті түрде кешіреді.
«Әр түні Ясин сүресін оқыған адам міндетті түрде шәһид болып өледі.»
«Жұма түндері Ясин сүресін оқыған адам таңды Аллаһу та'аланың кешіріміне қауышқан күйде қарсы алады.»
Ясин сүресінің пайдалары
Хадис шәрифте былай делінген:
«Құран кәрімде бір сүре бар, оған Аллаһ дәрежесінде «Азыйма» делінеді. Бұл сүрені оқыған адам қиямет күні көптеген адамдарға шапағат етеді.
Бұл сүре – Ясин сүресі.»
Ясин сүресін оқудың біршама пайдалары:
1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.
2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.
3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.
4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.
5) Мұқтаждар жәрдемші табады.
6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді.
7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.
8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.
9) Киімі болмаған адам киім табады.
10) Жоғалған нәрсе табылады.
Бірақ осыған ниет етіп және сеніп оқу керек.