Адамның жасына байланысты атаулар Әр халықтың адамның жасына байланысты атаулар берген. Қазақ халқы адамның жасына қарай мынадай атаулар берген: 1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте, сәби 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел 60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже 70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым 80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария 90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір 100 жастан жоғары - кейуана, баба

Теги других блогов: Қазақ халқы атаулар адамның жасы