Дүние жүзі тарихынан өз біліміңізді тексеріңіз...
1. Рим нешінші ғасырда әлсірей бастады?
а) ІҮ ғ. ә) Ү. б) ҮІ ғ.
2. Вандал корольдігі қай жылы құрылды?
а) 420ж ә) 426 ж б) 429ж.
3. Холдвиг тұсында жазылған сот саласындағы заңдар қалай аталды?
а) Сали ақиқаты ә) Каи ақиқаты б) Гали ақиқаты
4. Аллод бұл не? а) жер иелігі ә) құл б) патша
5. Холдвиг қай жылы қайтыс болды?
а) 620ж ә) 511 ж б) 429ж.
6. Карл Мартелл баласы
а) Хлодвиг ә) Қортық Пипин б) Суансон
7. Византий қаласы қашан Константинополь деп өзгертілді?
а) 330ж ә) 335ж б) 336ж
8. Византия империясы қай билеуші тұсында күшейді?
а) Хлодвиг ә) Пипин б) Юстиниан
9. Аттила – а) Еділ ә) Айдын б) Айбын
10. Мұхаммед пайғамбардың билігімен өз мемлекетіне адал қызмет атқарғандарға берілген жер қалай аталды? а) аллод ә) икта б) халиф
11. Пайғамбар ізбасарлары –
а) аллод ә) икта б) халиф
12. Араб халифатының саяси жүйесіндегі жоғарғы мемлекет және дінбасшысы болып кім табылады?
а) аллод ә) икта б) халиф
13. Ислам дінінің негізін қалаушы кім?
а) Мұхаммед ә) Иса б) Халиф
14. Мұхаммед пайғамбардың әйелі кім?
а) Айша ә) Ғайша б) Қадиша
15. Меккеге барып қайтқандар қандай атақ алады?
а) молда ә) қажы б) мүфти
16. Эфталит мемлекетінің тайпалық бірлестігі
а) ақ ғұндар ә) үйсіндер б) қаңлылар
17. Шығыс славяндарға жататын халық
а) словен ә) орыс б) чех
18. Оңтүстік славяндарға жататын халық
а) словен ә) орыс б) чех
19. Батыс славяндарға жататын халық
а) словен ә) орыс б) чех
20. Польша мемлекетінің алғашқы астанасы?
а) Гнезно ә) Прага б) Киев
21. Киев Русі қай жылы христиан дінін қабылдады?
а) 1086 ж ә) 988 ж б) 1008ж
22. Рыцарь атану үшін үміткердің несі болуы керек?
а) аты ә) қару - жарағы б) жер үлесі
23. Әскери іспен айналысқан феодалдар қалай аталды?
а) виконт ә) рыцарь б) граф
24. Францияда басыбайлы шарулар қалай аталды?
а) сервтер ә) виконттар б) вилландар
25. Жеке басы ерікті шарулар Англияда қалай аталды?
а) сервтер ә) виконттар б) вилландар